Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар ән айтып жарысты. Караоке байқауға 6 мен 17 жас аралағындағы 19 жасөспірім қатысқан.
Байқауда үздік танылғандарға мақтау грамоталары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды он екі мүшесі сау адамдармен тең сезіндіру, мүмкіндігін паш ету.
«Біз мүгедек балаға ғана емес барлық отбасына көмектескіміз келеді. Олар өздері жүре алмаған соң, жандарында жүретін адам керек болады. Осы жылдың аяғына дейін екі-үш іс шара өткізгелі тұрмыз, ал Жаңа жылдан кейін басқа жоспарларымызды жүзеге асырмақпыз», – деді ұйымдастырушы Мехрибан АББАСОВА.