|
07.12.2018 | 18:15
2095

Алматыда қолға алынған жобалар 13 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді – әкім

Алматыда қолға алынған жобалар 13 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді – әкім

Алматы әкімі Бауыржан Байбек шаһардағы «Бизнестің жол картасы» және «Жібек жолы» бағдарламаларының іске асу барысымен де таныстырды.

Белгілі болғаны, қазір мегаполисте жүзеге асып жатқан 1 мыңнан астам жоба бар. Бұл 13 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде 100-ден астам кәсіпорын өз қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға өсірген. Әкім шетелдік кәсіпорындармен бірлескен жобаларға да жіті тоқталып өтті.

«Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта қазір жалпы құны 155 миллиард теңге болатын 41 жоба жүзеге асуда. Бұл дегеніміз, 5 мың жұмыс орны. Биыл Tokyo Rope Almaty компаниясының металл құрылымдарын өндіретін зауыт іске қосылды. Ол Токио қор биржасында 3а+ рейтінгісін алып отыр. Қазақстан-Германия-Гонконгтың «Falcon Eurobus» зауыты да ашылды. Кәсіпорында үшінші буынды автобустар жиналады. Сондай-ақ, жоғары технологиялық кабельдерді шығаратын ресейлік «КМК Investment» кәсіпорны да іске қосылды», – деп атап өтті Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Бауыржан Байбек келер жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Қытайдың Asia Steel Pipe Corporation бірлескен кәсіпорнының болат дәнекерлеуші құбырларды өндіретін зауытты іске қосатынын да мәлімдеді. Жобаның жалпы құны 100 миллион АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорын бастапқыда мұнай, газ, су, химия өнеркәсібі өнімдерін тасымалдауға арналған құбырлардың жылына 100 мың тоннасын өндіретін болады. Біртіндеп 150 мың тоннаға жеткізу көзделген. Осылайша отандық құбырлар импортты 70 пайызға қысқартады. Ол Алатау ауданының Индустриалды аймағындағы 18 гектар жерде орналасады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир