Орталық сайлау комиссиясының құрамы өзгеретін болды

29.11.2018 23:17

Еліміздің Орталық сайлау комиссиясының құрамы келесі жылдың наурыз айында толықтай өзгереді.

Тың серпіліспен бірге, жаңа ережелер де енгізілмек. Нақтылап айтсақ, енді аймақтық бөлімдердегі төраға, оның орынбасары мен хатшылары сайлау науқанында көбіне мектеп директорларына, оқытушыларға жүктелген кәсіби қызметті өздері толық атқаратын болады.      

«Сайлау комиссиясының төрағасын немесе оның орынбасарын комиссия мүшелері сайлайды. Ал сайлау хатшысы міндетті түрде кәсіби-тұрақты негізде жұмыс істейді», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының Сайлау-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Дәурен ЫСҚАҚОВ.