Алматыда өтетін Шәкен Айманов кинофестивалінде әлемдік туындылар көрсетіледі

Алматыда өтетін Шәкен Айманов кинофестивалінде әлемдік туындылар көрсетіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 17-21 қараша күндері Шәкен Айманов халықаралық кинофестивалі өтеді. Оған әлемнің түпкір-түпкірінен қонақтар келмек.

Шара аясында әлемдік кинематографиядағы таңдаулы туындылар көрсетіледі. Биыл өзгеше форматта өтетін фестивальде түркітілдес мемлекеттердің кинолары сайысқа түседі. Ал халық авторлық туындыларды Алматыдағы ірі кинотеатрлардан тегін көре алады.  

«Шетелден, барлық жерден келетін қонақтар бар. Солардың бәрін жақсы қарсы алуымыз керек. «Шәкен жұлдыздары» 14-ші рет өтіп жатыр. Көптеген жағдайға байланысты үзілістер болып қалған. Енді ары қарай жалғасады деп ойлаймын. Сондықтан, бұл біз үшін үлкен мейрам. Халықтың мейрамы», –  деді КСРО халық әртісі Асанәлі ӘШІМОВ.

Айта кетейік, конкурстың бағдарламасы үш жеке бөлімнен тұрады. Оларға Шәкен Аймановтың туындыларының атаулары берілген. Үздік туындыларға «Құлагер» ұлттық премиясы табысталады.  


Новости партнеров