Қазақстанда жәрдемақы, зейнетақы және жалақы көлемі артты

03.01.2019 23:18

1 қаңтардан бастап Қазақстанда жәрдемақы мен зейнетақы төлемі және жалақы мөлшері артты.

2018 жылы ең төменгі зейнетақы базалық зейнетақыны есепке алмағанда, 33 745 теңге болатын. Енді 2019 жылдан бастап 36 108 теңге төңірінде беріледі. Өткен жылдан бастап базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне қарай төлене бастағаны мәлім. Негізінен, орташа зейнетақы көлемі – 80 мың теңгеден асып жығылады. Сондай-ақ, ең төменгі айлық көлемі 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін көтерілді.

Ал 1-ші топтағы мүгедектердің күтушілеріне бұған дейін науқас 18 жасқа келгенше ғана жәрдемақы төленіп келсе, биылдан бастап оның мерізімін өмір бойына ұзартты. Оған қоса, күтушінің мүмкіндігі шектеулі жанға қарағаны еңбек өтілі болып есептелінеді.

2018 жылғы ең төменгі зейнетақы базалық зейнетақыны есепке алмағанда – 33 мың 745 теңге

2019 жылы – 36 мың 108 теңге

ең төменгі зейнетақы – 15 мың 274 теңге

орташа зейнетақы – 81 мың теңге

2018 жылы ең төменгі айлық – 28 мың теңге

2019 жылы – 42 мың 500 теңге

«Алматы қаласында шамамен, 1 мыңға жуық адам осы жәрдемақыны алып отыр. Бұл жерде алатын жәрдемақының сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 пайызын құрап отыр. Бұл – 29 699 теңге. Жалпы зейнетақы мен жәрдемақы алатын адамдардың саны Алматы қаласы бойынша 560 мыңға жуық. Бүгінгі таңда орташа зейнетақы 81 мың теңге болып отыр», – деді Алматы қаласы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Айдынжан НАРМАТОВ.