|
29.10.2018 | 18:21
1351

Министрлік Сирияда өлім жазасына кесілді деген 3 қазақстандыққа қатысты жағдайды айтты

Министрлік Сирияда өлім жазасына кесілді деген 3 қазақстандыққа қатысты жағдайды айтты

Қазір Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазір сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Мұндай оқиғаның болған-болмағанын анықтауымыз керек, өйткені әзірге дереккөз расталған жоқ. Бұл белгілі бір уақытты алады», — деді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Ол Сирия аумағында заңды-заңсыз жүрген қазақстандықтармен байланысты мәселелер Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне тапсырылатынын айтты. Себебі ол Қазақстанның Сириядағы елшілігі қызметін қоса атқарады.

Еске сала кетсек, өткен аптада бірқатар БАҚ-та Сирияда үш қазақстандық әйел содырлардың қолына түсіп, өлім жазасына кесілгені хабарланған еді. Онда үш қазақстандық әйел отандастарын өлтіріп, ақшасын тартып алмақ болғаны айтылған. Қаза болғандардың арасында жеті жасар бала да бар.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир