Индонезиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

29.10.2018 23:24

Индонезиядағы ұшақ апатынан қазақ тапқандардың арасында Қазақстан азаматы жоқ. Бұл туралы Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

Ал жағалауға құлаған Lion Air ұшағының бортында болған екі жүзге жуық адамның барлығы қаза тапқан. 181 жолаушының 20-сы Индонезия Қаржы министрлігінің шенеунігі болып шықты.

Рейске тіркелгендерден бөлек, ұшақта екі ұшқыш пен экипаждың бес мүшесі болған. Боинг-737 ұшағының қалдықтарын теңізден іздеу жұмыстары әлі  жүргізіліп жатыр.