Экс-министр Қуандық Бишімбаев Шымкентке ауыстырылды

04.01.2019 23:26

Жазасын өтеп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі қауіпсіздігі орта деңгейлі мекемеге ауыстырылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сотталушының адвокаты мен туыстарының өтініші бойынша Бишімбаев Шымкентте орналасқан ИЧ-167/3 мекемесінде жазасын өтейтін болды. Мұндай шешімді Төле би ауданының соты шығарды.

Еске салайық, Бишімбаев ірі көлемде пара алып, бөтеннің мүлкін заңсыз иеленгені үшін 2018 жылдың көктемінде 10 жылға сотталған болатын.