Асқар Жұмағалиев жаңа қызметке тағайындалды

26.12.2018 в 23:30

Мемлекет басшысы Асқар Жұмағалиевті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев», делінген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Жарлықта.