Алматыда қазақ күресінен жасөспірімдер арасында чемпионат өтті

24.12.2018 в 23:41

Алматыда қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы чемпионат аяқталды. Палуандар 15 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салды. Жеңімпаздар мен жаттықтырушылар арнайы дайындаған сыйлықтармен марапатталды. Қазақ күресінің жанашырлары мұндай жарыстардың жас буынды тәрбиелеуге септігі жоғары дейді. Айта кетейік, жарыс алғаш рет өткізілді.

«Батыл бол» атты жоба аясында өткізіліп отырған қазақ күресінен чемпионат келесі жылы да жалғасын табады. Біз осы ұлттық спортты әлемдік аренаға шығаруымыз керек», – дейді «Batyl bol» жобасының жетекшісі Мұхтар ТҰРСЫНОВ.