Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 3 мыңнан астам тұрғын баспана алған

28.11.2018 23:44

Ел тұрғындарының кемінде, 30 пайызының жеке баспаналары жоқ. Ал «7-20-25» бағдарламасы –осы олқылықты жоятын қазіргі таңдағы ең тиімді жоба.

«Баспана» ипотекалық  бағдарламасымен жұмыс істеу үшін жыл соңына дейін тағы екінші деңгейлі екі банк қатысады. Бұл ақпарат бүгін алматылық ұстаздарға бағдарламаға қатысудың жолдарын түсіндіру мақсатында өткен кездесуде айтылды.

Қазір «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасына еліміздегі екінші деңгейлі 7 банк қатысып, тұрғындардың өтініштерін қабылдап жатыр. Бүгінге дейін республика бойынша 4,5 мың адамнан 57 миллиард теңгенің өтініші түскен. Олардың ішінде 37,5 млрд теңгенің өтініші мақұлданып, бағдарлама бойынша 3 мыңнан астам тұрғын баспана алу құқығына ие болған.  

«Расын айту керек, дәл қазір үйдің бағасы жүгіріп барып ала қоятындай арзан емес. Біз әрине, құрылыс компанияларына осы бойынша айтып жатырмыз. «Халықтың да жағдайын ойлаңыздар, мұғалімдер, дәрігерлер сіздер салып жатқан үйлерді ала алмаса, не үшін салып жатырсыздар?» дегенді айтудамыз. Құрылыстың бәрін шеттен тасымай, жерді арзандатып, үйдің бағасын түсірсе деген үлкен өтініш бар. Олар келесі жылдан бастап «7-20-25» бағдарламасына лайықтап үй сала бастаймыз деп отыр», – деді «Баспана» АҚ ипотекалық ұйымының ресми өкілі Айбар ОЛЖАЕВ.


Теги: Тұрғындар