Шымкентте қайтыс болған полицейдің өліміне жеке клиникада салдырған екпе себеп болған

27.09.2018 18:40

Шымкенттегі жеке клиникалардың бірінде полицейдің қайтыс болғаны туралы ақпаратты бұған дейін жариялаған болатынбыз. Otyrar.kz порталының мәліметінше, марқұм екпе салдыру үшін дәрігердің көмегіне жүгінген екен.

Қаладағы Ә.Молдағұлова көшесінің бойында орналасқан дәріхананың қасынан емдеу бөлмесін ашып алған кәсіпкердің басы дауға қалды. Осында бұрылған ерлі-зайыптылар дәрігер берген тағайындау бойынша екпе қабылдауға келген екен. Екпеден кейін науқас қайтыс болып кетті дейді оның туыстары. Айтуларынша, дәрігер дәріні егер алдында сынама жасамапты.

«Нұсқауды осы мекеменің дәрігері берген. Оның лицензиясы бар ма, жоқ па, оны білмейміз. Медбике алдында өтірік айтты екпе жасамадық деп. Кіріп барсам, жамбасында иненің ізі тұр. Қанның да ізін көрдім. 4 күн бұрын келгенде «проба» саламыз деген. Бүгін реакция болмайды деген де, сынамасыз екпе жасаған», - дейді марқұмның туысы Нұршат Байшымырова.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен криминалистер келді. Біраз уақыттан соң тергеушілер үш қалта дәрі-дәрмек алып шыққан.

«Екі пакет дәрі алып келген. Осыны қабылдасаңыз, әйеліңіз жүкті болады деген. Келіншегі гинекологияға кіріп кеткен. Ал оның жанбасына 6 ине салған. Ол өзін жаман сезініп жатқанын айтыпты. Сөйтсе, дәрігер тағы да жатқызып, тағы дәрі салған. Сол кезде жігіт жүріп кеткен», - дейді туыстары.

Айта кетейік, 29 жастағы полицей 25 қыркүйек күні қайтыс болған. Ол әйелімен бала сүюді аңсап, екеуі жекеменшік клиникада емделмек болған екен.