Осыдан 27 жыл бұрын Тәуелсіздік жарияланған залда бүгін студенттер тарихи оқиғаның куәгерлерімен кездесті.
Бұрынғы Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі орналасқан ғимарат қазір Қазақ-Британ техникалық университетінің құзырында. Тарихи құжаттың қабылдануына куә болған қоғам қайраткерлері сол кездегі оқиғаларды еске алып, жастарды егемендіктің қадірін ұғынуға шақырды. Кездесуге жиналған студенттер аға ұрпаққа көкейде жүрген сауалдарын қойып, тағлымы мол жауаптар алды.
«Демократияның ат үстінде жүрген кезеңі. Популистік демократия мен шын демократияның арасын айыра алмайтын тұста осы ғимаратта біз табандатып отырып, Тәуелсіздік туралы заңды 16 желтоқсан күні қабылдаған едік. Сол 360 депутаттың құрамында болған жігіттерді, қазіргі ел ағасы болып кеткен азаматтардың басын қосып осындай жиын өткізіп жатқаны – өткенімізге көрсетілген зор құрмет деп түсінемін», – деді ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Нұрлан ОРАЗАЛИН.