Министрлік Үндістанға саяхаттауға баратын азаматтарға ескерту жасады

05.12.2018 в 23:57

Астананың Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Үндістанға саяхаттауға баратын  тұрғындарға ескерту жасады. Өйткені, ол елде Зика безгегі  өршіп тұр.

Бірнеше күннің ішінде Үндістанда ауру жұқтырған 127 факт тіркелген. Мамандардың сөзінше, вирус әсіресе, жүкті әйелдерге өте қауіпті. Анадан балаға таралатындықтан, құрсақтағы нәресте дамымай, жарық дүниеге жарымжан болып келуі мүмкін дейді. Масаның шағуы арқылы жұғатын вирус әлі толыққанды зерттелмеген. Ал оған қарсы әлемде ешқандай вакцинация жоқ.  

«Астаналықтарды, жалпы, барлық қазақстандықты жақсылап ойлануға шақырамын. Себебі, Үнді елінде Зика вирусы сияқты өте қауіпті эпидемия жүріп жатыр. Барған жағдайда да, жақсылап сақтанғаныңыз абзал. Репиленттерді қолданып, дененің ашық жерлерін қалың киіммен жабыңыз. Қонақжайды таңдағанда, москит торы бар нөмірлерге таңдау жасаңыз», – деді Астана қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ.