Елордада Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлау басталып кетті.
Жастар театрында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Өзбек диаспорасы «Қазақстанға ыстық ықыласпен» атты концерт ұсынды. Этномәдени бірлестік өкілдері бауырлас елдің өлең-билері мен әдеби қойылымдарын қойды. Мәдени шараға қатысқан дипломатиялық корпус көршілес Өзбекстанда келер жыл «Қазақстан жылы» деп аталатынын айтты.
«Бұл концертке әртүрлі ансамбльдер қатынасып отыр. Түркістан қаласынан келген «Сұғдиана» ансамблі ұлттық аспаптарда керемет әндер орындап берлі. Және осы концертімізге Шымкент қаласынан өзбек драма театры келіп отыр. Олар өздерінің қойылымын ұсынып, жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді», – деді Астана қаласы Өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод ПУЛАТОВ.