Алматыдағы «Южный» саябағының жөндеу жұмыстары бір айда аяқталады

26.09.2018 00:01

Алматыда «Южный» саябағы бір ай аралығында қайта жасалады. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек саябақ аймағында жүргізіліп жатқан жұмыс барысын тексерді.

Саябақтың жалпы аумағы 14,2 гектар. Жароков көшесінің шығысы мен Ходжанов көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан. Мердігер мекеменің саябақты жаңғырту жұмысын ұзаққа созуына себеп конкурсқа қатысқан бір компанияның берген арызының салдарынан туындаған. Сондай-ақ, тұрғындардың ұсыныстары ескеріле отырып, жобаға түзетулер енгізіліп сараптамаға қайта жіберілген.

Ал «Сайран» өзенінің аумағын абаттандыру жұмысы келесі жылы жалғасын таппақ. Осы жылы су қоймасының батыс бөлігінің беткейлері реттелді, сатылы түсу жолы жөнделді, 7 гектар жер көгалдандырылды. Қала әкімі өзенге жақын аумақты қоршап, ойын және спорт аймақтарын көбейтуді тапсырды.