|
16.10.2018 | 19:01
2086

Өзбекстандағы Қазақстан елшісі қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

 Өзбекстандағы Қазақстан елшісі қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Елшілік қызметтегі қазақстандық маман қаржы жымқырды деген күдікке ілінді.

Өзбекстандағы Қазақстан дипломаты жалған актілерге қол қойып келгені анықталған. Бул туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Елшінің бұл экономикалық қылмысы 140 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Өзбекстандағы Қазақстан елшісі әшкере болды. Ол жауапты мемлекеттік лауазымды атқара отырып, Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойды деген күдікке ілінуде», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна БАСТАРОВА.

Бұл еліміздің Сыртқы істер министрлігіндегі алғашқы былық емес. Биыл аталмыш ведомствоның бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Қылмысты анықтаған Ұлттық бюро өкілдеріне сенсек, Қарашев Өзбекстандағы Қазақстан елшілігіне жасалмаған жөндеу жұмыстарына қаржы сұраттырған. Келтіріліген залал мөлшері 70 миллион теңгені құраған еді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир