Дариға Назарбаева алматылық дәрігерлермен кездесті

16.10.2018 00:02

2019 жылдан бастап ең төменгі айлық 1,5 жарым есеге өседі. Яғни, 42 500 теңге болмақ.

Сонымен қатар, 275 мың мемлекеттік қызметкердің табысы 35 пайызға артады. Бұдан өзге, 4-ші дәрежелі қызметкерлердің, әкімшілік және техникалық сала жұмысшыларының жалақылары көтеріледі. Бұл туралы Алматыға арнайы іссапармен келген сенатор Дариға Назарбаева алматылық дәрігерлермен кездесуде айтты. Жиында сондай-ақ, Елбасының халыққа жолдауы талқыланды.  

«Елбасы жолдауында медициналық қызметтің сапасына мән берілу керек екені айтылған. Сондықтан 2019 жылдың ақпан айынан бастап учаскелік дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға өсіру қарастырылды. Оған 5 миллиард теңге бөлінеді. Осы жылдың соңында пилоттық режимдегі қағаздан бас тарту жобасы аяқталады. Алматы бұл тұрғыда жақсы жұмыс істеп келеді екен. Электронды жүйе дәрігерлердің де, ауруханаға келген адамның да уақытын үнемдеп, тиімділігін көрсететініне сенімдімін», – деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Дариға НАЗАРБАЕВА.