3 жылдан бері ауыр дертпен күресіп келе жатқан 31 жастағы «Талдықорған аруы» Ғалия Бөлекбаева көптен көмек сұрады, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Ғалия қазір төсек тартып жатыр. Сөйлеуінің өзі қиын.
«2015 жылы күтпеген жерген «қант диабетіне» шалдығып, дәрігерлер бір бүйрегін кесіп тастады. Кейін екіншісі де жарамай қалды. Күйеуім болса, бірінші операциядан кейін-ақ ажырасуға арыз жазып тастап кетті», - деп әңгімесін бастаған Ғалия біраз уақыт үнсіз жылап алды.
Талдықорғандық бойжеткенге қазір B ||| RV + қан тобындағы бүйрек беретін донор қажет.
«Туыстарымда ақша болса көмектесер еді. Жағдайлары жоқ. Шаршадым. Жазылып ән айтқым келеді. Қазір үйде жатырмын. Не аурухана қабылдамайды. Одан да мені ит сияқты ұйықтатып тастаса екен», - деп сөзін аяқтады ол.