Алматының Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматының Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бүгін қаланың медициналық қызметкерлерімен кездескен жиында Бауыржан Байбек Қанат Төсекбаевты таныстырды.

Алматыдағы медициналық мекемелердің 80 пайызы құрылғылармен қамтылған. Халықтың электронды паспортпен қамтылуы 94 пайызды құраған. Жыл соңына дейін дәрігерлер қағазбастылықтан арылады. Қала әкімі осы қарқынды бәсеңдетпей, жаңа басшылық алдында бірқатар міндеттер қойды.

Айта кетейік, Қанат Төсекбаев еңбек жолын жедел жәрдемде фельдшер болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы балалар жұқпалы ауруханасында, Астана қаласы жедел жәрдем қызметінде бас дәрігер қызметін атқарған. Соңғы қызметінде Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасын басқарды.  


Новости партнеров