«Союз» зымыранынан жерге 22 тонна керосин төгілген

17.10.2018 16:11

«Союз-ФГ» тасымалдаушы ракетасынан жерге 22 тонна керосин төгіліпті. Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин хабарлады.

«Сұйық отынның дені 47 шақырым биіктікте жанып кетті. Шамамен, керосин мен оттектің 22 тоннасы жерге төгілді. Бұл – сол жанып кеткен отынның қалған бөлігі. Керосин улы дүниелердің төртінші тобына енеді. Сондықтан да аса қауіп төндірмейді деп ойлаймыз», – деді вице-министр.

Оның сөзінше, мамандар сараптама жасаған екен.

«Тексеру қортындысы шыққан соң, экологияға келтірілген зиян анықталады. Келтірілген зиянның көлемі үшін Энергетика министрлігі жауап береді. Істің тиянақты атқарылуы жан жақты қадағалауға алынады», – деді вице-министр.