Елордада жылыту маусымы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгіннен бастап, көпқабатты үйлерге жылу жіберілді. Ол бірнеше күнді алуы мүмкін», делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазірдің өзінде 127 білім беру, денсаулық, мәдениет мекемелері жылуға қосылыпты. Астана қаласындағы жылыту маусымының басталуы ережеге сәйкес, яғни ауа температурасы 10 градус көлемінде 5 тәулік бойы сақталса, жылу беріледі.