Алматылық оқушылар «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан жарысты

Алматылық оқушылар «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан жарысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық байқауының қорытынды кезеңі өтті. Финалға мықты деген 8 ауданның 24 оқушысы өткен. Бұл күні олар «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан жарысты.

Байқаудың шарты бойынша оқушылар эпосты кез келген жерінен тоқтатып, бір-бірін іліп әкетуі керек. Сондай-ақ, қазылар алқасы қатысушының оқитын сыныбына қарай сұрақтар қойды.

Еске сала кетейік, жыр додасының жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайды. Жеңіске жеткен жеңімпаздарды салтанатты марапаттау 2 қазан күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтеді.  

«Біз 6 балаға жүлде таратамыз. Жеңімпаздарға 3 ынталандыру сыйлығы, 3 негізгі сыйлық беріледі. Балалар арасындағы жеңіс бірінші, екінші және үшінші орындармен бөлінеді. Ал жеңімпазды анықтау уақыты қанша уақытқа созылса, соған дейін кедергісіз жүргізіле береді. Өйткені, балаға қиянат жасауға болмайды. Қазылар алқасы мына балалар мықты екен деп ұсынып жатса, біз сол 6 бала өздерінің мықты екенін дәлелдеген жағдайда ғана байқауды тоқтататын боламыз», – деді ақын, ұлттық жоба жетекшісі Серік СЕЙІТМАН.



Новости партнеров