Абай болыңыздар! Тұмау қаңтардың ортасына таман өрши түседі. Бұл туралы тағы бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин айтты.
Белгілі болғаны, қазір елімізде тұмаудың ресми түрде 44 жағдайы тіркелген. Ауру көбінесе Астана мен Алматы қалаларында, яғни халық көп шоғырланған шаһарларда таралып жатыр. Сондықтан Бекшин қазақстандықтарға қоғамдық орындарға көп бара бермеу, бір реттік бетперделерді киіп жүру қажеттігін айтты.