Түрксіб ауданының мәслихат депутаттығына үміткер Гүлнас Кенжетайқызы халықпен кездесті.
«Нұр Отан» партиясынан кандидат аудан тұрғындарын бағдарламасымен таныстырып, өзекті мәселелерді тыңдады. Гүлнас Ахметова жергілікті халықты толғандырған мәселердің оңтайлы шешімін табуына көмек көрсететінін айтты. Сонымен қатар, алдағы уақытта «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асырып, жастардың жұмысқа орналасуын жіті қадағалайтынын атап өтті.
«Тұрғындардың айтатын мәселелері көп. Олар: жол, мектеп, балабақшалар, спорт кешендерін салу мәселелері. Бәрі де Жолдауды орындау аясында жүзеге асады. Бірақ көп сұрақтары жазып алып, қолдан келгендерін өзіміз де орындаудамыз, Мысалы кітап болмады деді бір мектепте, сол мектепке қажетті кітап-оқулықтарды жеткізіп бердік. Қолдан келгендерді бірден орындауға, қолдан бірден келмейтіндерді жазып алып орындауға тырысамын», – деді Алматы қаласы мәслихат депутаттығына кандидат Гүлнас АХМЕТОВА.
Ал Асхат Шілікбаев Жетісу ауданы тұрғындарының мәселелерін тыңдады. Тұрғындар ауданды тиісті деңгейде көгалдандырып, көшедегі жарық пен қауіпсіздік мәселелерін қарауды ұсынды. Үміткер халықтың талап-тілектерін тиісті мекемелерге жеткізуге барынша тырысып жүргенін айтты.
«Халықпен күнделікті кездесіп, мәселелерін тыңдап жүрміз. Көбіне әлеуметтік мәселелер көтеріледі. Біз бұл сатыда тұрғындардың барлық мәселелерін жазып алып, тиісті мекемелерге ұсына аламыз. Балалар алаңшаларын салуды, жарықтандыру мәселелерін үнемі ұсынады. Ал мектептерде кездесу өткізген кезде көбіне футбол алаңшаларын салуды сұрап жатады», – деді кандидаттың сенімді өкілі Татьяна БЕЛИНСКАЯ.