Жаңа жыл қарсаңында алматылық 500-ден астам көмекке мұқтаж отбасылардың балалары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер тегін кино көрді.
Бұл игі шараны отандық кинорежиссер Тимур Бекмамбетов бастап, еліміздегі бірқатар кәсіпкерлер қоштаған. Бүгін көрсетілімге 3 көркем туынды ұсынылды. Оның қатарында, «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмі де бар. Осылайша, мейірімді жандар отбасы арасында жылылықты сақтау үшін жыл сайын осындай шара өткізуді жоспарлап отыр.
«Отбасымен киноға баратын дәстүрді ұйымдастырайық дедік. Жаңа жылда белгілі режиссерлер жыл сайын балаларға арналған, отбасыға және жастарға арналған фильмдер түсіріп жатадыі. Ол фильмдер міндетті түрде Жаңа жылда көрсетіле бастайды. Біз де мерекелік көңіл күй сыйлайтын сондай фильмдерді балаларға көрсетіп отыруды жөн санадық», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Зағипа БАЛИЕВА.