Перзентхаларда нәрестенің 49 түрлі ауруын анықтайтын аппарат іске қосылады

21.09.2018 00:30

Тың техника. Жаңа туған нәрестеден 49 ауруды анықтауға болатын медициналық аппарат іске қосылмақ. Бұдан былай шақалақтың табанынан бір тамшы қан ала отырып, тұқым қуалаушылық және туа біткен аурулардың бар-жоғын небәрі, 3 күнде анықтауға болады.

Мұндай құрылғы жаңа жылдан бастап Алматыдағы барлық перзентханаларға қолданысқа беріледі.  

«Қазақстанда тандемдік «масмед тремоторы» деген ақпаратты енгізіп жатырмыз. Яғни, ол жаңа туған нәрестенің бойынан 1 тамшы қан алу арқылы 49 ауруды анықтау әдісі. Ол 49 ауру түрі тұқым қуалайтын зат алмасу ауытқулары бар балаларды анықтап, уақытында ем жүргізуге, психикалық неврологиялық ауытқулардың алдын алуға көмек береді», – деді Медициналық генетиктер қауымдастығының хатшысы Айжан ОРМАНҚЫЗЫ.