Республикалық форум байқауының жеңімпаздары ҚазҰУ грантына ие болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Мен жастарға сенемін!» республикалық форумы өтті. 6 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан шара Тұңғыш Президент күні аясында ұйымдастырылған.

Форумға қатысушы студенттер инновациялық жоба, эссе, поэзиялық шығарма, патриоттық әндер байқауы бойынша бақ сынады.  Жүзден жүйрік шыққандар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 жылдық оқу грантына ие болды. 70 жоғары оқу орнынан биылғы жылы 2 мыңға жуық студент өтініш жолдаған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп дейді ұйымдастырушылар.  

«Ұлы даланың жеті қыры» атты үлкен тарихи көркем кешеннің ашылуымен басталды. Және онда осы «Ұлы даланың жеті қыры» экспозициясы жасалды. Бүгінгі жастардың форумы жастарға шынында да рух беретін, жастардың кемел келешектің үлгісі екенінің, болашақтың ең мықты тірегі екенінің көрінісі деп білемін», – деді ұйымдастырушы, филология ғылымдарының докторы Өмірхан ӘБДИМАНҰЛЫ.


Новости партнеров