|
09.01.2019 | 19:32
3656

Астанада ескі теміржол вокзалы уақытша жабылады

Астанада ескі теміржол вокзалы уақытша жабылады

Астанада ескі теміржол вокзалы уақытша жабылады. Осылайша, 36 жолаушылар және қалааралық пойыздардың кестесі өзгертіліп, олар «Нұрлы жол» бекеті арқылы қатынайды.

Бұл өзгеріс «Астана-1» станциясының жолдары мен нысандарына жүргізілетін жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр. Пойыздар кестесіне енгізілген түзетулер жайлы қосымша ақпаратты «105» бірыңғай анықтама қызметінен алуға болады.

«Жылу беру жүйесі технологиялық эстакадасы шойынжолдың үстінен өтетіндіктен, 24 қаңтар күні түнгі 00 сағаттан кешкі 18,00-ге дейін «Астана-1» теміржол вокзалы уақытша өз қызметін тоқтатады. Осы аралықта жүретін барша жолаушылар пойызы белгіленген кестеден бір-екі сағат ауытқып, «Нұрлы жол» вокзалына қатынайды. Біз барша жолаушылардың, қарсы алушылардың, шығарып салушылардың өте мұқият болуын ескертеміз», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Диас АХМЕТШӘРІП.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир