Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылданған 240-қа жуық жас сарбаз ант қабылдады.
Биылғы қабылданған сарбаздар көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Салтанатты шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген тәрбиеленушілердің ата-аналары, әскери қызметкерлер қатысты.
«Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери оқу орнына түстім. Ендігі алдағы арманым – осы әскери жолды қуу. Отаныма адал қызмет еткім келеді. Осыдан кейін Ақтөбедегі әуе-әскери оқу орнына түсіп, әскери жолымды ары қарай жалғастырғым келеді. Менің арманым осы. Қазақстанды әскери жағынан мықты етіп көтергім келеді», – дейді жас сарбаз Дияс БЕЙСЕН.