|
16.10.2018 | 19:40
2027

Алматыда Қоғамдық даму вице-министрі студенттермен кездесті

Алматыда Қоғамдық даму вице-министрі студенттермен кездесті

Жастар жолдауды талқылап қана қоймай, іске асыруға тікелей қатысуы тиіс. Алматыдағы «ALMA-U» университетінің студенттерімен кездескен Қоғамдық даму вице-министрі осылай деді.

Жұлдыз Омарбекова жастармен отбасы, рухани жаңғыру, өмір сапасын қалыптастыру турасында тілдесті.  Студенттер де вице-министрге өз сауалдарын қойып, елімізде өмір сапасын жақсарту үшін жастар не істей алады деп сұрады.  

«Адамдар ең алдымен «әлеуметтік жауапкершілік» деген сөзді терең түсінуі керек, яғни әр адам өз үйіне, ауласына, жұмысына жауапты болса, оны жақсы көрсе, елімізде көптеген мәселелер оңай шешілер еді. Жолдауда айтылған өмір сүруге қолайлы ортаны қалыптастыру үшін де әр азаматтың үлес қосуы аса маңызды», – деді ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз ОМАРБЕКОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир