|
20.11.2018 | 19:41
1486

Алматының Алмалы ауданында ескі үйлерді сүру жұмыстары жалғасып жатыр

Алматының Алмалы ауданында ескі үйлерді сүру жұмыстары жалғасып жатыр

Алмалы ауданындағы ескі деп танылған 142 үй бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Қазір үш түрлі мекенжайда орналасқан үйлерді сүру мен жаңа тұрғын үйдің құрылысына қатысты тиісті жұмыстар істеліп жатыр деді аудан әкімі. Қабырғасы сөгілмесе де ескі деп танылған үйлердің дені 60-шы жылдары салынған каркас-қамысты баспаналар. Қазір екі нүктедегі ескі үйлердің орнына жаңа баспана тұрғызылып жатыр.

«Құрылысты салатын азаматтар немесе құрылыс компаниясы сол жерде тұрған адамның құқығын бұзбауы керек. Сондықтан екі жақ келіспей қалғандықтан, жұмсыстың бәрі тоқтап қалатын жағдайлар болып тұрады. Сол себепті, екі жақ та заңға жүгіне алуы үшін заңнамаға аздаған өзгертулер енгізу керек. Осы мәселе қазір қаралып жатыр. Нақты шешімі табылған кезде жұмысын жалғастыратын болады», – деді Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Бекқали ТОРҒАЕВ.    


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир