Электронды үкіметте арнайы қолтаңбаны қажет етпейтін 20-ға жуық қызмет іске қосылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді азаматтар үйден шықпай-ақ жергілікті емханаға тіркеліп, мекен-жайы және сотталмағаны туралы анықтамаларды электронды сандық қолтаңбасыз ала алады. Шілдеден бастап еліміздің электронды үкіметінде арнайы қолтаңбаны қажет етпейтін 20-ға жуық қызмет іске қосылды. Қажетті құжатты алу үшін бар болғаны бір реттік құпия сөз қолданылады. Яғни электронды үкіметке сұрау жіберілгеннен кейін смс-хабарлама келеді. Мұндай қызметтер халықтың уақытын үнемдеп, қызметкерлердің жұмысын жеңілдетпек.

«Негізгі өмірде қажетті мекен-жай анықтамасы, соттылығы бар құжатты алу, жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы жайлы, сонымен қатар, мүліктің бар және жоқ екенін анықтайтын құжаттарды электрондық сандық қолтаңбасыз алуға болады. Бір реттік  құпия сөзді электрондық порталға кіргізіп, келген смс кодты базаға енгізіп, сол арқылы барлық құжаттарды алады», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-кеңсесінің басшысы Алмагүл АТАҒАРОВА.

Сондай-ақ электронды үкіметте азаматтар дәрігердің қабылдауына жазылуға немесе оны үйге шақыруына болады. Бұдан бөлек қызмет көрсету залына орнатылған кез келген терминалдар да қолжетімді. Айта кетейік, бүгінде елімізде халыққа 545-ке жуық қызмет көрсетіледі. Оның жартысы egov.kz порталы арқылы жүзеге асады.


Новости партнеров