Синоптиктер алдағы аптада Алматыда тұман түсіп, көктайғақ болады дейді. Ал осы демалысқа болжам қандай? Бұл сұрақтың жауабын «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының инженер-синоптигі Дәулет КИСЕБАЕВ айтып бермекші.
– Дәулет мырза, алдағы демалыста алматылықтарды қандай ауа температурасы күтіп тұр? Және таулы аймақтарда күн суыта ма?
– Алдағы демалыс күндері Алматы қаласында кеш уақытта қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде – 3, – 8 градус аяз, күндіз 0 градус шамасында болады. Таулы аймақтарда да дәл солай. Қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Ауа температурасы қалаға қарағанда 5-10 градусқа төмен болады. Бірақ жексенбі күні тауға шығуға болады.
– Ал алдағы аптада алматылықтарды қандай күн райы күтіп тұр? 7 қаңтар – Рождество мерекесінде ауа райы қандай болмақ?
– Келесі апта Алматы қаласында ауа райы ашық болады, жауын-шашынсыз. Бірақ, 9 қаңтар күні қар жауып, тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы апта бойы түнде – 3, – 8 градус аяз, күндіз 0 градус шамасында болады. Дүйсенбі күні Рождество мерекесінде ауа райы ашық болады. Ауа температурасы түнде – 2, –7 градус аяз, күндіз 0 градус шамасында болады. Күн ашық болады.
– Дәулет мырза, ақпаратыңыз үшін рахмет!