|
18.09.2018 | 20:03
1292

Депутат мүгедек жандардың ұшақ пен теміржол желісінде жиі қиналатынын айтты

Депутат мүгедек жандардың ұшақ пен теміржол желісінде жиі қиналатынын айтты

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға ұшақ немесе теміржолмен желісімен қатынау мүмкіндігі дұрыстап қолға алынбаған. Сенат депутаты Нариман Төреғалиев отандық адам тасымалы компанияларының жұмысын сынға алды. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымовамен кездескен халық қалаулысы әуе кемелерінің біразында арбаға таңылған жанды көтеретін арнайы құрылғы орнатлымаған, ал теміржол қызметінде арнайы жолсеріктер жоқ деді.  

«Оларды алып жүретін гид жоқ, бір сөзбен айтқанда. Олар амалсыздан, «мені пойызға көтеріп отырғызып жіберіңізші немесе түсуге көмектесіңізші» деп жанындағы жолаушыларға жалынады. Бурабай – Щучинск станциясында аялдама уақыты 7-12 минутқа дейін ғана. Ал бұл уақытта сау адамның түсіп-шығуы оңайға соқпайды. Сол кезде 12 мүгедек жан өздігінен түсе алмай қалған. Сондықтан олар амал жоқ, «стоп кран» тетігін басып, тоқтатуға мәжбүр болған. Ал мұншама қысқа уақыт ішінде олар қалай түсе алмақ сонда?», – деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ.

«Әуежайда сіз айтқан жағдайлар бойынша, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға аталмыш нысандар тиісті деңгейде көмек көрсетуге міндетті. Бұл жайтты біз өзіміз  анықтаймыз. Ал теміржол мәселесіне келетін болсақ, «Қазақстан теміржолы» ұлттық тасымалдаушы компаниясымен бірге пысықтайтын боламыз», – деп жауап берді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир