Алматыда былтыр 800-ге жуық өрт оқиғасы тіркелген. Төтенше жағдай департаменті мамандарының айтуынша, көбіне қызыл жалын көмір пайдаланатын үйлерден шығады.
Сондықтан төтеншеліктер әр аптаның демалыс күндері қаланы аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Сенбілік өрт қауіпсіздігі» деп аталатын шара мамыр айына дейін жалғасады.
«Біздің өзіміз білетіндей, Алматы қаласында 144 377 жеке тұрғын үй тіркеліп отыр. Олар Наурызбай ауданы, Алатау ауданы, Түркісіб ауданынан қосылған көшелер және жеке тұрғын үйлер.Соның бір қатары көмір жағып, үй жылытады. Көмірмен жылытылған үйлерде ыс алу, адамдардың улануы әбден мүмік. Сондықтан қазіргі таңда өздеріңіз көріп тұрғандай, өрт қауіпсіздік қондырғыларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш БАЙМҰХАМЕДОВА.