|
19.10.2018 | 20:06
2184

Жолдау: мәжіліс депутаттары алматылық дәрігерлермен кездесті

Жолдау: мәжіліс депутаттары алматылық дәрігерлермен кездесті

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Парламент мәжілісінің депуттаттары Елбасының жолдауын жұртпен бірге талқылау үшін өңірлерге жолға шықты.

Алматыға ат басын бұрған мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев Президент бастамасын бір үйдің баласындай жүзеге асыруға шақырды. Ақ халаттылармен кездесу барысында ол елімізде дәрігерлерге жасалып жатқан жағдайды сөз етті. Мәселен, 2 жыл ішінде ақ халаттыларды қағазбастылықтан арылту мақсатында медициналық мекемелердің 70 пайызы сандық жүйеге ауысады екен. Дегенмен, ақ халатты жандардың да білікті болуы керек екенін айтты.  

«Жолдауда Елбасымыз халқымыздың денсаулығына және медицинаның дамуына өте қатты көңіл бөлді. Елбасы жолдауында медициналық саланы жетілдіруге, медициналық қызметкерлерді қолдауға бағытталған үлкен тапсырмалар берді. Айта кететін болсақ, медициналық қызметкерлердің орташа жалақысын кезең-кезеңімен 20 пайызға көтеру көзделіп отыр», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Омархан ӨКСІКБАЕВ.

Ал еліміздің қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов жолдауды «Рахат» кондитерлік фабрикасының жұмысшыларымен талқылады. Құжаттың маңызды тұстарын айтып, іске асыру жағын ақылдасты. Өйткені, міндеттерді орындауға еліміздің әрбір азаматы атсалысуы керек дейді.  

«Жалпы жолдау бір жақты емес, қайта барлық саланы қамтыған. Жыл сайын жарияланатын жолдауда Елбасы бастысы адам үшін ыңғайлы жағдай жасауды міндет еткен. Күнкөріс деңгейін арттыру да міндеттердің бірі. Біз алға қойған мақсатымызға жету керек», – деді ҚР Қаржы вице-министрі Берік ШОЛПАНҚҰЛОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир