Тегін дәрі-дәрмекке қатысты ақпарат беретін арнайы орталық ашылды

Тегін дәрі-дәрмекке қатысты ақпарат беретін арнайы орталық ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Медицина саласында тағы бір жаңалық. Енді науқастар емханадағы ұзын-сонар кезектен құтылады.

Дәрі-дәрмекті жеткізуші компания азаматтардың уақытын үнемдеу үшін арнайы анықтамалық орталықты іске қосты. 1439 нөміріне еліміздің кез келген жерінен хабарласып, өзіңізге қажетті дәрі-дәрмектің бар-жоғын, қашан жеткізілетінін біле аласыз. Ал операторлар қолданыстағы заңның, мемлекеттік кепілдендірілген тегін медициналық көмектің аясында науқастардың мазалаған сұрағына жауап береді.

Енгізіліп жатқан жаңашылдық турасында толығырақ «СК ФАРМАЦИЯ» компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Шәріп БЕРІК айтып береді.

– Берік Шәріпұлы, жақында тегін дәрі-дәрмек алу жөнінде ақпарат беретін қысқа нөмір іске қосылған болатын. Ол қалай жүзеге асады?  

– Жалпы, бұл жылы біз 2019 жылға даярлап, жұмыстың барысын аздап өзгертіп жатырмыз. Ең бірінші, науқастардың толық кепілдендірілген медициналық көмек аясында тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жаңа байланыс орталығын жасадық. Қысқаша 1439 нөмірі бойынша 1 қазаннан бастап жұмыс істей бастады. Жалпы, бүкіл өңірден хабарласқан кезде қалалық нөмірден тегін болады. Сол себептен науқастарда қандай да бір жетіспеушілік болса немесе амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмектің жеткізілуінде қиыншылық болса, әрине, осы нөмірге хабарласуға болады, біздің операторлар толық жауап береді.

– Жаңа жылдан бастап дәрі-дәрмектің емханаларда бар-жоғы туралы ақпарат беретін электрондық анықтамалық іске қосылады екен. Осы жөнінде толығырақ айтсаңыз.  

– Бір жағынан, енді науқастар өз ақпаратын контакт-центрден бере алады. Ол қолжетімді ақпарат. Екіншіден, күнделікті хабарласуға қиыншылық болса, екінші жағынан онлайн түрде дәрі-дәрмектің қажеттілігін ол үшін емхана жіберді ме және дәріхана бөлімдеріне жеткізілді ме, жоқ па, онлайн түрде біздің веб-порталымыздан көруге болады. Сіз өз жергілікті емханаңызды таңдап, оның ішінде, бұл емханаға қандай дәрі-дәрмек жеткізілгенін анықтап, рецепт бойынша ұсынылған дәрі-дәрмектеріңізді сол емханаға барып ала аласыз. Екінші жағынан, ұсыныс берілмесе немесе дәрі-дәрмек жетіспеушілігі орын алса, біздің байланыс орталығымызға хабарлассаңыз, орталықтандырылған қоймалардан қажетті дәрі-дәрмекті жеткізуге тырысамыз.  

– Берік Шәріпұлы, берген мағлұматтарыңызға рахмет!  


Азамат Әуезхан, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров