2019 жылдан бастап талапкерлер медициналық университеттерге емтихан тапсыру арқылы қабылданады

17.07.2018 20:56

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2019 жылдан бастап медициналық жоғарғы оқу орындарына оқуға түскісі келетін талапкерлер емтихан тапсыратынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Денсаулық сақтау саласында кадрлар тапшылығы төмендесе де, бірқатар өңірде мамандар тапшылығы республикалық деңгейден жоғары болып отыр. Мұның басты себебі – өңірлерде мамандарға әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіз шаралары», – деді Біртанов «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының 2018 жылдың І жарты жылдығындағы іске асырылуын қорытындылау баяндамасында.

Ол 2017 жылы жергілікті атқарушы органдардың жас мамандардың 44%-ына ғана әлеуметтік қолдау көрсеткенін айтты.

«Алдыңғы қатарлы шетелдік оқу орындарымен стратегиялық әріптестік жалғасуда. 2019 жылдан бастап медицина ЖОО-да іріктеу үшін қосымша емтихан алу заңмен енгізіледі. Келесі жылдан бастап мемлекеттік грантпен оқыған барлық кадр үш жыл медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін болады», – деді Денсаулық сақтау министрі.