Кәсіподақтар бірлестігі: 173 мың алматылықтың жалақысы көтеріледі

Кәсіподақтар бірлестігі: 173 мың алматылықтың жалақысы көтеріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кәсіподақтардың қызметі түбегейлі өзгереді. 2018-2019 жылдарға арналған «Алматы қаласы кәсіподақтарын модернизациялаудың жол картасы» осы мақсатта әзірленді.

Құжат адами капиталды дамыту, еңбек қатынастарын жақсарту, кәсіподақтарды нығайту секілді мәселелерді қамтиды. Алматыда 173 мыңнан астам адам 50 мың теңгеден төмен жалақы алады екен. «Жол картасы» бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде, бірқатар кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлерінің жалақысы 10-15 пайызға көтерілген.  

«Әлеуметтік серіктестерімізбен атқарған жаңа форматтағы жұмысымыздың нәтижесінде, төмен жалақы алатын 173 мың алматылықтың айлықтары көбейетін болды. Қазірдің өзінде екі жүзге жуық мекеменің басшылары қызметкерлерінің айлығын 15 пайызға дейін арттырды. Сонымен қатар, қаладағы кәсіпорындарда ұжымдық шарт жасасу туралы жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соңғы 2 айдың өзінде 2 мыңнан астам әріптестік шарт жасалды», – деді «Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Зәуреш ӨМІРБАЕВА.


Новости партнеров