Қаңтардағы ҰБТ-ны 10 және 11-сынып оқушылары тапсырады

12.01.2019 01:33

Қазақстанда 4 күннен кейін ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Сынақты қаңтарда тапсырғандар маусым айында қайта тесттен өтіп, мемлекеттік грант беру байқауына қатысуға мүмкіндік алады. Білім және ғылым министрлігі берген мәліметке сүйенсек, Ұлттық бірыңғай тестілеу қаңтардың 15-імен 20-сы аралығында өтеді. Ал аталған тестілеуге нендей өзгерістер енгізілгенін Астанадағы Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Қуаныш МӘЛІКОВ айтып бермек.

– Қуаныш Тұрарбекұлы, Ұлттық бірыңғай тестілеу биылдан бастап жылына 4 рет өтетіні белгілі болды. Осының себебіне тоқталсаңыз... Жалпы, сынақтың бұл кезеңдеріне кімдер және қалай қатыса алады?

– 2019 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу 4 рет, қаңтар, наурыз,шілде, маусым, тамыз айларында өткізіледі. 2019 жылғы қантардағы биыл бірінші рет болғалы тұрған Ұлттық бірыңғай тестілеуді мектептің 11-10 сыныптың оқушылары тапсырады. Осы Ұлттық бірыңғай тестілеуге тапсырған балалардың барлығы егер 50 балдан жоғары шектік балды алатын болса, олар ақылы түрде оқуға түсе алған болып есептелінеді. Яғни, олар қазір өздерінің қолдарына сертификаттарын алғаннан кейін, тестілеу аяқталған соң, өзінің барғысы келетін жоғарғы оқу орнының қабылдау комиссиясына барып, шартты түрде «Мен сол университеттің ақылы негізде студентімін» деп айта алады.

Наурыз айында тапсырылатын тестілеу де сондай, енді мемлекеттік грантты ұтып алу үшін тапсыратын балалар маусым-шілде айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Яғни, тестілеу уақыты маусымның 20-сы мен шілденің 5-іне дейін болады. Оған тек мемлекеттік грантты ұтып алатын балалар қатысады. Ал егер ол мемлекеттік грантқа тапсырып, 80-90 балл жинап, бірақ мемлекеттік грантқа конкурстан өте алмай қалатын болса, шілдедегі грантының, жинаған сертификатының балымен ақылы түрдегі оқуға бара алады.

Бұдан кейінгі, тамыз айында тест тапсыратын балалар да тек ақылы оқуға ғана бара алады. Яғни, қайталап айтсам, қаңтар, наурыз ,тамыз айындағы тапсырған балалардың бәрі тек ақылы түрде оқуға қабылданады. Ал маусым мен шілде айларындаі тапсырған балалар мемлекеттік грантқа қатыса алады.

– Шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға ауысқысы келетін студенттер үшін де өзгерістер бар екен?

– Бұл да биылғы жылдың жаңадан енгізілген жаңа құқықтық өзгеріс деп есептейміз. Өйткені, былтырғы оқу жылында бұл Ұлттық бірыңғай тестілеуге бала қатысты. Содан кейін жанағы алған бірінші негізгі пәндерді ғана тапсырады да, оқу сауаттылығын Қазақстан тарихынан тапсырып, қалғаның творчестволық емтиханмен тапсырып түсетін. Дене шынықтыру немесе журналистика, дизайн салаларында солай болды. Енді бала бір семестр бітіргеннен кейін, басқа мамандыққа ауысамын десе, мәселен, дене шынықтырудан заңгерлік факультетке ауысқысы келетін балалар екі таңдау пәнін қайта тапсыруға міндетті. Бұл биылғы жылға енгізілген жаңа тәртіп.

– Рахмет!

Салтанат Нысанбек, «Алматы» телеарнасы, Астана