Алматыда Медеу ауданының түлектері бас қосты. Түрлі салада жетістікке жеткен азаматтар, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер аудандағы мектептерді дамыту мәселесін талқылады.
Осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған форумның мақсаты – ауданға инвестиция тарту. 500 түлек жиналған форумда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құны 35 миллион теңге болатын жабық футбол алаңы салынатыны белгілі болды.
«Жалпы, 2 жылдың қорытындысы жаман емес. Ауыз толтырып айтатындай жұмыстар бар. 160 миллион теңгеден астам инвестициялар тартылды. Оның ішінде, 5 жабық футбол алаңы, 1 балабақша, 1 мектеп салынды. 2-3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары осы инвесторлардың есебінен жүргізілді», – деді
Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.