Ұшақ диспетчері жүз жолаушыны құтқарып, өзі өлді

Ұшақ диспетчері жүз жолаушыны құтқарып, өзі өлді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Индонезияның Паулу қаласындағы әуежайда диспетчер Антониус Гунаван Агунг жер сілкінісі кезінде диспетчерлер мұнарасын тастап қашпай, жүз жолаушы мінген Batik Air компаниясының ұшағын әуеге көтерді.

Әуежай диспетчері Сулавеси аралындағы жер сілкінісі кезінде көз жұмды. Ол жүз жолаушыны құтқарып қалу үшін өз өмірін қиды, деп жазды РИА Новости.

Daily Mail мәліметінше, жер сілкінісі 21 жастағы диспетчер Антониус Гунаван Агунг жұмыс орнында жолаушылар ұшағын ұшу жолағына шығарған кезде болған.   

Зілзаладан үрейленген оның әріптестері диспетчерлер мұнарасын тастап кетті. Алайда, жас жігіт ұшақты әуеге көтеріп, содан соң ғана жұмыс орнынан кетпекші болған.   

Осы сәтте диспетчерлер мұнарасы құлап, жігіт қирандылар астында қалмау үшін төртінші қабаттан секіруге мәжбүр болған. Антониус Гунаван Агунг ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды.

Өткен жұмада 7,4 магнитудалы жер сілкінісі болды. Зілзала эпицентрі Палу қаласынан 55 шақырым жерде орналасты. Содан кейін жағалаудағы қаланы су басып қалды. Билік ұшу-қону жолағының бір бөлігі қирап, ұшуды басқару мұнарасының құлауына байланысты жергілікті әуежайды жабуға шешім қабылдады. 

Новости партнеров