Алматыда композитор Мыңжасар Маңғытаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды

26.11.2018 21:50

Алматыда қазақтың әйгілі композиторы Мыңжасар Маңғытаевқа арнап мемориалды тақта ашылды. Ол композитордың 30 жылға жуық өзі тұрған үйінің қабырғасына орнатылды.  Мыңжасар Маңғытаев «Қозы мен Баян» балетіне, «Ақсақ құлан», «Жайлауда», «Қаратау әуендері» сияқты хорға арналған поэмаларында ерекше із қалдырған. Сондай-ақ, көптеген спектакльдер мен мультфильмдерге музыка жазған.  

«Әсем көшенің бойында орналасқан Композиторлар үйінің іші толған құдырет еді ғой. Небір талантты, құдіретті композиторларымыз, бабаларымыз, атақты кісілердің барлығы осы жерде тұрған. Мыңжасар ағамыз да солардың бел ортасында тұрды. Бүгінгі шара үшін қалалық әкімдікке рақмет айтқым келеді. Бұл да сазгер есімін тарихта қалдырудың жақсы бір белгісі», – деді Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит ОРАЗБАЕВ.