«Әр оқушының өз бюджеті бар». Биыл Астанадағы 90-ға жуық мектеп шәкірт санына қарай қаржыландырылады. Мектепке емес, тікелей әрбір оқушыға санына қарай қаржы бөлу жүйесі «Жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидасы» деп аталады.
Бастама бір жағынан, оқу орындарының жетіспеушілігімен жоюға ықпалдасса, екінші шешетін мәселесі – мемлекттік және жекеменшік мектептердің өзара бәсекелігін арттыру. Қағидаға сәйкес, Үкімет қарамағындағы орта оқу ордаларындағы бір оқушыға жылына 214 мың теңге, жекеменшік мектептерде оқитындар шәкірттерге 235 мың теңге көлемінде қаражат бөлінеді.
Жаңашылдық жайын Астана қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат ЖЕКЕБАЕВ айтып бермек.
– Дулат Шәйкенұлы, жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидасының алғашқы нәтижесін айтсаңыз. Астанада қағидаға қанша білім ордасы қосылған?
– Жан басына шаққандағы қаржыландыру мәселесі 2017 жылы 1 қаңардан бастап Астанада қаласында эксперимент ретінде 5 мектепте басталды. Осы қысқа бір жыл уақытта оңы, солы бар дегендей, қателігін жөндеп, жаңа оқу жылынан бастап қаладағы 80 мектеп пен 8 жекеменшік мектеп арасында жан басына қаржыландыру жұмысы жүргізіле бастады. Мұндай қаржыландырудың бір жақсы жері – жекеменшік мектептерге қаржы арқылы мемлекеттік тапсырыс орналастыруға мүмкіндік берді. Білесіздер, Астана қаласындағы оқу орындарының жетіспеушіліг осы жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі арқылы шешіліп отыр. 8 мектептің арқасында 3 жарым мыңнан астам орындар пайда болды. Бұл болашақта тағы жекеменшік мектептер санының көбеюіне әкеледі. Қысқа уақыттағы жетістіктерді айта кететін болсам, соңғы төрт айдың ішінде қаржыландыру арқылы жарты миллиардтай ақшаға мектептердің материалдық техникалық базасын жақсарттық.
– Мектептерде материалдық жағдайды реттеумен қоса, жан басына шаққандағы қаржыландыру қандай жаңашылдық әкелді?
– Қаржыландырлуың ерекшелігі – егер бұрындары ақша бюджеттен мектепке бөлінетін болса, мұнда бала санына байланысты болып отыр. Демек, әр баланың артынан ақша жүреді. Ата-аналар алдындағы ашықтық көрініп тұрады. Яғни, қанша бала бар, сонша ақша бөлінеді. Ата-анананың мектепте оқу-тәрбие үрдісін қадағалауына, баласымен жақсы оқуына атсалысуға көмегін тигізеді. Жекеменшік, мемлекеттік мектептер арасындағы бәсекелестікті күшейтуге, дамытуға ықпалын тигізеді.
– Жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидасына қаржы қай мемлекеттік органнан бөлінеді?
– Бірінші кезекте, Астана қаласының бюджетінен бөлінеді. Содан кейін 2018 жылға 2-3 миллиард теңге ақша республикалық бюджеттен қарастырылды. Ал 2019 жылға 8 миллиард теңге траснферт ретінде бөлінеді. Ал 90 пайыздан астам ақша жергілікті бюджеттегі ақшадан бөлінеді. Біз осындай мемлекеттік тапсырысты орналастыру жұмыстарын 2019 жылы да жалғастырамыз. Бізге керекті оқу орындары көлемінде конкурс жариялаймыз. Конкурсқа жекеменшік мектептер, онда да бүкіл заң талаптарына жауап беретін, яғни мемлекеттік лицензиясы бар мектептер қатысады. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің шешімі, Төтенше жағдайлар департаментінің рұқсаты бар мектептер қатыса алады. Біз сол мектептерге тапсырыс береміз.
– Дулат Шәйкенұлы, тұшымды ақпаратыңыз үшін рақмет!
Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы, Астана