Алматыда алдағы апта жауын жаумайды. Осылай деген синоптиктер осы демалыс күндеріне қандай болжам жасап отыр? Бұл сұрақтың жауабын «Қазгидрометтің» Алматы қаласы бойынша филиалының инженер-синоптигі Дәулет Кисебаев айтып бермек.
– Дәулет мырза, алдағы демалыста алматылықтарды қандай ауа температурасы күтіп тұр? Және тауға шығуды жаны сүйетіндерге қандай кеңес бересіз?
– Осы демалыс күндері Алматы қаласында сенбі күні жауын-шашын, қар, көктайғақ, тұман болады. Жексенбі күні жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде – 2-7 градус аяз, күндіз 0-ге жуық болады. Таулы аймақтарда жауын-шашын, жауын-шашын, қар, тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы қалаға қарағанда 5-10 градусқа төмен болады. Тауға шығуға кеңес бермейміз.
– Ал келесі аптада алматылықтарды қандай күн райы күтіп тұр? Күн ашық бола ма?
– Келесі апта көбінесе жауын-шашынсыз, тек 15 қаңтар күндіз және 16 қаңтар күні жауын-шашын, қар, тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде – 3, – 8 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы болады.
– Ақпаратыңыз үшін рахмет!
Тоғжан Жалғасбекқызы, «Алматы» телеарнасы