Алматыда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

24.11.2018 02:51
Фото: Максим Золотухин

Осы демалыста Алматыда күн райы суытып, көктайғақ болуы мүмкін. Сондықтан қала әкімдігі тұрғындарға жеке көліктен уақытша бас тартып, автобуспен жүруге кеңес береді. Ал «Қазгидромет» мамандары қандай болжам жасап отыр? Бұл туралы «Қазгидромет» Алматы қаласы бойынша филиалының инженер-синоптигі Ақзер ӘШІМ айтып береді.

– Айтыңызшы, алдағы демалыс күндері Алматыда ауа райы қандай болады?  

– Алдағы демалыста Алматы тұрғындарын қолайсыз ауа райы күтіледі. Себебі, бізде атмосфералық фронттардың өтуіне және төмен қысымның аймағында орналасқанына байланысты, тұрақсыз ауа-райы болады. 24 қарашада күндіз қалада жауын-шашын болады. Жел жылдамдығының күндізгі екпіні секундына 15 метр дейін болады. Ауа температурасы түнде +2, +4 градус жылы болады. Күндіз + 9, 11 градус жылы болады. 25 қараша түнде қар жауады. Және түнде ауа температурасы - 3, - 8 аяз, күндіз 0, - 5 градус шамасында аяз болады.

– Ал таулы аймақтарда қандай күн райы күтіледі? Табиғат аясында демалғысы келетіндерге нендей кеңес бересіздер?

Осы демалыста таулы аймақтарға шықпауға кеңес береміз. Себебі, бізде 24,25 қарашада тауда қар күтіледі. Күндіз қатты қар жауады. Және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. 24-і күндіз де, түнде де - 6, - 8 аяз болады. Ал 25 күні түнде - 10, - 15 аяз, күндіз - 5, - 10 аязға дейін суытады.

– Алдағы аптаның жұмыс күндеріне қандай болжам жасап отырсыздар?

Алдағы аптада бізде антициклонның орналасуына байланысты суық, жауын шашынсыз ауа райы болады. Аптаның басында ауа температурасы - 3, - 8 аяз, күндіз 0, + 5 жылы. Ал аптаның аяғына қаратай бізде ауа температурасының сәл жоғарылайды. Яғни, түнде - 2, - 7 аяздан 0, - 5 аязға дейін, күндіз + 2, + 7 жылыдан + 5, +10 градус жылыға дейін жоғарылайды.

– Тұшымды ақпарыңызға рахмет.  


Перизат Көмекбайқызы, «Алматы» телеарнасы