Шымкентте ер азамат 5 жасар өгей ұлын ауыр соққы астына алып, салдарынан сәби қайтыс болған. БАҚ өкілдері бұған дейін күдіктінің "намазхан" екенін және баланы азанды дұрыстап шақырмағаны үшін тепкілеп тастағаны туралы жазған болатын.
Шымкент қалалық Полиция департаменті күдікті ретінде жас жігіттің ұсталғанын растап отыр. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан» 106-баптың 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 5 желтоқсан күні болған. Қатыгез ата-ана дәрігерлерге "бала 2 қабатты диванның төбесінен құлап кетті" деп өтірік айтқан көрінеді. Алайда, денесінен азаптау белгілері анықталғаннан кейін ақ халаттылар дереу полиция шақыртыпты. Сәби көп ұзамай жансақтау бөлімінде көз жұмған.