Күздің соңғы айында ауа райының салқындығы сезілуде. Алдағы күндері Алматы қаласында ауа райы қандай болмақ? Бұл сұрақтың жауабын «Казгидрометтің» Алматы қаласы бойынша инженер-синоптигі Ақзер ӘШІМ айтып бермек.
– Ақзер ханым! Демалыс күндері алматылықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?
– Алдағы демалыста бізде Алматы және Алматы облысы антициклонның ықпалында болады. Ашық, жауын-шашынсыз, салқын ауа райы күтіледі. Ертең жауын-шашын болмайды, түнде 4-6 аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады. 4 қараша күні кешке қарай аздаған қар жаууы мүмкін. Себебі, бізге суық ауа массасы келеді. Сол себепті ауа температурасы төмендейді. Түнде 2-7 аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады.
– Таулы аймақтарда қандай ауа температурасы күтіледі?
– Таулы аймақтарда бізде өте суық болады. Және де 3 қараша күні түнде қар жауады, ал 4-і күні күндіз қар жаууы мүмкін. Түнде температура 7-12 аяз шамасында болады, күндіз 3-8 градус аяз шамасында.
– Қараша айында мұндай ауа райы қалыпты ма?
– Иә, қараша айына бұл өте қалыпты жағдай. Бізде ауа температурасы осындай салқын және де қар жауып тұрады. Жауын-шашын мөлшері – 57 мм. Қазір бізде 9 мм жауды.
– Ақпаратыңызға рақмет!