Алматыда 280 кәсіпкер сертификаты жоқ көлік бөлшектерін сатып келген

Алматыда 280 кәсіпкер сертификаты жоқ көлік бөлшектерін сатып келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Автокөлік базарларының басшыларына ұрланған көлік бөлшектерін сатып алмауға кеңес берілді. Себебі, бүгінде мұндай кәсіпкерлер аз емес екен.

Соңғы алты айда Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тауарды сертификатсыз сатқан 280 бизнесменді анықтаған. Қазір «Барлық», «Жібек жолы» және «Кенжехан» базарларында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Егер тауар ұрланған екенін білсеңіз немесе оның негізгі каналын білсеңіз, онда міндетті түрде билік, инспектор, учаскелік инспектор және құқық қорғау органдарына хабарлауыңыз керек. Тауардың тиісті мәліметтерін тексеру қажет деп санасаңыз, бірден шара қолдану үшін арнайы органдарды құлағдар етуіңіз қажет. Әйтпеген жағдайда, біз бәз-баяғы қалпымызда қаламыз. Оған қоса, сатушыға да ұрланған тауарды қабылдамау қажет екенін ескерту керек», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас МӘДИЕВ.

Алматыда қазір 2500 кәсіпкер автокөлік бөлшектерін саудалаумен айналысады. Былтыр олардың табысы 12 миллион теңгені құраған. Қазынаға 400 миллион теңге салық төленген. Қаладағы ірі және танымал базар басшылары тауардың қайдан келетінін бақылап отыру қолдарынан келмейтінін алға тартады. Сол себептен, полиция қызметкерлеріне тексеру жұмыстарын жиілетуді сұрапты.


Новости партнеров